Қарағандыда ҚР ІІМ Ішкі әскерлер комитеті жетім балаларға арналған қайырымдылық акциясын өткізді

ҚАРАҒАНДЫ. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер комитетінің бастамашылығымен «Менің Қазақстаным - менің болашағым» деген патриоттық акция жалғасуда.
None
None

Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар басқармасының бастығы, полковник Мұхаметқали Сәтовтың басшылығымен ҚР ІІМ Ішкі әскерлер комитетінің ақпараттық-насихаттық тобы облыс орталығында және іргелес қалаларда бірқатар кездесулер мен іс-шаралар өткізді.

Акция аясында Қарағандыдағы балалар мен жасөспірімдер сарайында балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне арналған қайырымдылық концерті болды. Оларға ҚР ІІМ басшылығы және Ішкі әскерлер қолбасшылығы атынан сыйлықтар тапсырды. Осы іс-шараға 300 жетім бала қатысты.

Соңғы жаңалықтар