Қарағандыда ҚР Конституциясы күніне арналған Абай және Пушкин оқулары өтті

ҚАРАҒАНДЫ. Тамыздың 28-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыда бұл күндері адамзаттың қос данышпаны - Абай мен Пушкинге арналған шара өтті.
None
None

Бүгін Пушкин поэзиясына табынушылар оның ескерткіші қасына жиналды. «Пушкин оқулары» мерекесіне театр актерлері, мектеп оқушылары қатысты. Ал мұның алдында Абай ескерткіші жанында «Абай оқулары» өткен болатын. Бұл екі шара да ҚР Конституциясы күніне арналды.

Бұл мерекелер әртүрлі халықтар өкілдерін біріктірді. Абай өлеңдері жеті тілде: орыс, ағылшын, неміс, француз, араб және тіпті урду тілдерінде сөйледі. Ал «Евгенин Онегиннен» Татьянаның хаты қазақша орындалды. Пушкин өлеңдері де бірнеше тілде орындалды. Ақын шығармашылығы туралы ҚР Жазушылар одағы филиалының төрағасы, ҚР Президентінің стипендиаты, ұлы орыс жазушысының бірнеше өлеңдері аудармасының авторы  Серік Ақсұңқарұлы ой толғады.  

«Бір мезгілде осындай екі шараның орайлас өтуі өте маңызды. Біздің еліміз көпұлтты, сондықтан да бізде әр халықтың даңқы адамдарына деген құрмет бірдей, ал Абай мен Пушкин бүкіл адамзатқа ортақ» - деді Абай оқуларын ұйымдастырушы, «Дарын» сыйлығының лауреаты Зәуреш Сатыбалдина.

Соңғы жаңалықтар