Қарағандыда құрылыс алаңында 20 жастағы жігіт тоғызыншы қабаттан құлап мерт болды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыдағы «Сапфир» ТК құрылыс алаңында 20 жастағы тас қалаушы 9 қабаттан құлап кетті, Жігіт алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағандыда құрылыс алаңында 20 жастағы жігіт тоғызыншы қабаттан құлап мерт болды

Қайғылы оқиға 18 қыркүйек күні кешкі сағат 18:20-да болған.

Тас қалаушы жас жігіт «Сапфир» тұрғын үй кешенінде үй салатын құрылыс бригадасының құрамында жұмыс істеген.

Жігіт құрылыс нысанының 9-қабатынан құлап кеткен. Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 156-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тиісті сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Бұл нысанда қайтыс болған жігіттің ағасы мен әкесі де жұмыс істейді.