Қарағандыда қуыршақ үшін 9 жастағы мектеп оқушысы құрбысын тұншықтырып өлтірді

ҚАРАҒАНДЫ. 3 маусым. ҚазАқпарт - Қарағандыда қуыршақ үшін жанжалдасқан 9 жастағы қыз өз құрбысын тұншықтырып өлтірді.
None
None

Бұл туралы Қарағанды облыстық ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы Жанатай Сембеков мәлім етті.

Жаға ұстатарлық оқиға 2 маусым күні 4 құрбы табиғатқа серуенге шыққан кезде орын алған.

«Қарағанды қалалық ІІБ Киров бөлімі полициясына 3 маусымға қараған түні 49 жастағы әйел арызданып, өзінің 9 жастағы қызы жоғалғанын хабарлады. Баланы іздестіру жұмыстарына Қарағанды қалалық ішкі істер органдарының барлық гарнизоны жұмылдырылды», - деп атап өтті Ж.Сембеков.

Тәртіп сақшылары дүйсенбі күні таң ата қыздың құрбыларын тапты.

«Тергеу барысында 2 маусым күні 4 қыздың (олардың бірі 11 жаста) тоған жанына сейіл құруға шыққаны анықталды. Сол жерде балалар ұрланған қуыршақ үшін жанжалдасқан көрінеді. 9 жастағы мектеп оқушысы алдымен өзінің құрбысын ұрып, соңынан спорттық кеудешемен тұншықтырған. Ал өздері қыздың жансыз денесін тоғанның жанында тастап, үйлеріне тараған», - деді Ж.Сембеков.

Тәртіп сақшылары жоғалған қыздың мәйітін су қоймасынан 3 шақырым жерден тапты.

Соңғы жаңалықтар