Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қарағандыда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады

АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2012 жылғы 8 желтоқсанда сағат 10:00-де Қарағанды қаласында (Мұқанов көшесі 5, Оңтүстік-Шығыс ауданы) автокөліктерді тіркеу және жүргізуші куәлігін беру қызметтері көрсетілетін тұңғыш мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының ашылуы болады.

Қарағандыда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады

Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспсөз қызметі хабарлады.

Шараға  ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев пен ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов  қатысады.

Журналистер назарына мамандандырылған ХҚКО-ның техникалық жарақтандырылуы, «Автодром» автоматтандырылған  жүйесі, болашақ жүргізушілердің тәжірибелік емтихан тапсыруына арналған автокөліктер ұсынылады. Бұдан өзге  жүргізуші куәлігін  беру  мен  автокөлік құралын тіркеу қызметтерінің жаңа нұсқада ұсынылу кезеңдері  көрсетіледі.