Қарағандыда мас күйіндегі байкерді 20 тәулікке тұтқындады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандыда байкерді мас күйінде көлік айдағаны үшін 20 тәулікке тұтқындады, деп хабарлады Қарағанды ауданаралық әкімшілік сотының баспасөз қызметі.
Ер адамды полиция қызметкерлері Қарағандының орталығындағы Ермеков көшесінің бойында «Рейсер» маркалы мотоцикл рулінде отырған кезде ұстады.
Байкерде ешқашан да жүргізуші куәлігі болмаған: ол тіпті куәлікті мүлдем алмаған. Ұсталған адамға қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабы 6-шы бөлімі бойынша (көлік құралын мас, есірткіге елтіген және (немесе) токсикоманиялық мас күйінде айдағаны үшін) әкімшілік іс қозғалды.
«Сотта ол құқық бұзушылық фактісін мойындады. Сот азамат Б.-ны әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін айыпты деп таныды. Оған 20 тәулікке әкімшілік тұтқындау түрінде әкімшілік жаза тағайындалды», - делінген соттың хабарламасында.