Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қарағандыда мектеп оқушылары педофил тиісті деген оқиғаны ойдан құрастырғанын мойындады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда мектеп оқушылары құрбыларының бірі белтемірден құлап қалғаннан кейін педофил тиісті деген оқиғаны ойларынан құрастырып алған. Бұл туралы журналистерге «зардап шеккен» 10 жастағы қыз баланың анасы айтты.

Қарағандыда мектеп оқушылары педофил тиісті деген оқиғаны ойдан құрастырғанын мойындады

«Ешқандай педофил тиіспеген. Шындығында қызым белтемірден құлап, шыныға қолын жарақаттап алған, мені ренжітпеу үшін өзінен 2 жас үлкен құрбысы екеуі оқиғаны ойдан құрастырған. Содан полицияға шағым түсіріп, тергеу бастағанда, олар өтірік айтқандарын мойындаған. Бұл ретте анасы полицейлерден кешірім сұрап, жасаған жұмыстары үшін алғыс білдірді. «Полиция бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс әзірге жабылмағанын хабарлады. Барлық қорытындылар әзір болғаннан кейін соңғы процессуалдық шешім шығарылады», - деп түсіндірді Жаңа Майқұдық полиция бөлімінің аға тергеушісі Ерсін Рахметов. Ол күдіктінің фотороботы қыздың айтуы бойынша жасалғанын мәлімдеді.