Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында тоғызқұмалақтан республикалық чемпионат өтуде (ФОТО)

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында тоғызқұмалақ бойынша ҚР чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.

Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында тоғызқұмалақтан республикалық чемпионат өтуде (ФОТО)

«Қарағандыда Н.Әбдіров атындағы спорт сарайында 25-30 шілде аралығында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында тоғызқұмалақ бойынша ҚР чемпионаты өтіп жатыр. Жарысқа республиканың барлық облыстарынан, Астана және Алматы қалаларынан 16 команда қатысуда. Мұндағы 57 адамның барлығы - зағип және тірек-қозғалыс аппараттары бұзылған спортшылар», - делінген хабарламада.

Жарыс жеке біріншілік аясында өтуде. Чемпионат нәтижесі бойынша Азия чемпионатына қатысу үшін Қазақстан құрамасы құрылатын болады.