Қарағандыда Орталық әмбебап дүкенді «миналаған» жалған терроризмге күдікті ұсталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда полицейлер Орталық әмбебап дүкенді «миналаған» жалған терроризмге күдіктіні «ізін суытпай» ұстады. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

«Қабылданған жедел-іздестіру шараларының барысында 26 жастағы Қарағанды тұрғыны ұсталды. Ұсталған жігіт бұзақылықпен Орталық әмбебап дүкен ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы телефон соққан. Оған қатысты ҚР ҚК 273-бабымен (Лаңкестік актісі жөнінде көрінеу жалған хабар беру) соталды тергеу жүргізілуде», - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдяиров.

Ол бұлтартпау шаралары ойластырылып жатқанын айтты.

Бұдан бұрын хабарланғандай, сейсенбі күні, 7 маусымда кеште Қарағандыда «Орталық әмбебап дүкен» сауда орталығында жарылғыш зат ізделді. Маңайдағы алаң қоршауға алынды.

«Сағат 19:35-те Қарағанды ІІБ Жедел басқару орталығының 102 телефонына Орталық әмбебап дүкенге жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына барлық шұғыл қызметтер аттанды. ІІД саперлері ғимаратты түгел тексеріп шықты, жарылғыш зат табылған жоқ. Сағат 20:45-те іздеуді тоқтатуға команда берілді», - деп түсіндірме жасады Б.Құдияров.

Оның мәліметтерінше, оқиғаға байланысты сауда үйінен 500-ге жуық адам - келушілер мен қызметкерлер шығарылған. 

Соңғы жаңалықтар