Қарағандыда «Отан қорғаушы - 2010» атты патриоттық және әскери-спорттық клубтардың форумы өтеді

АСТАНА. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Шілденің 20-сы мен 24-і аралығында Қорғаныс министрлігінің «Астана» өңірлік қолбасшылығының Қарағандыдағы базасында Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған «Отан қорғаушы - 2010» атты патриоттық және әскери-спорттық клубтардың форумы өтеді.
None
None

Шараны Қазақстан Республикасының Бас әскери прокуратурасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы мен «Әскери-спорттық клубтар федерациясы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп ұйымдастырады. Жиынға «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының хатшысы Қайрат Сатыбалды, Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов мен Қорғаныс министрлігінің «Астана» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Мұхтар Алтынбаев пен өзге де бірқатар мемлекеттік және ардагерлер ұйымдарының өкілдері қатысады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар