Қарағандыда өткен республикалық семинар-кеңеске қатысушылар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мәселелерін талқылады

ҚАРАҒАНДЫ. 3 ақпан. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын жаңғырту мәселелері жөнінде республикалық семинар-кеңес болып өтті.

Қарағандыда өткен республикалық семинар-кеңеске қатысушылар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мәселелерін талқылады

«Қазіргі таңда әрбір өңірде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар дайындалып жатыр», - деді «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын қайта жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ басқарма төрағасы Зейнолла Қазиев.

«Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылдың 1 наурызына дейін 2020 жылға дейінгі жаңа тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын жаңғырту мен дамыту бағдарламасын әзірлеп, қабылдауды тапсырды», - деп еске салды З.Қазиев.

Семинар-кеңес барысында қарағандылықтар көп пәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу жөніндегі ілкі жобаларын таныстырды.