Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қарағандыда өзін полицей ретінде таныстырып, ақша алған телефон алаяғы 4 жылға сотталды

ҚАРАҒАНДЫ: 1 ақпан. ҚазАқпарат - Қарағандыда өзін полицей ретінде таныстырып, егде жастағы адамдардан ақша алған телефон алаяғы мүлкінің тәркіленуімен 4 жылға сотталды,

Қарағандыда өзін полицей ретінде таныстырып, ақша алған телефон алаяғы 4 жылға сотталды

деп хабарланды Қарағанды облыстық соттың баспасөз қызметінен.

«Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданның соты «жалған полицейдің» ісі бойынша үкім шығарды. Ер адам азаматтарға хабарласып, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып есірткіні сақтағаны үшін ұсталған олардың балаларын босату мақсатында ақша талап еткен. Сот оны ҚР ҚК-нің 177 бабы, 2 бөлімі «б» тармағы бойынша кінәлі деп тауып, мүлкін тәркіледі. Ол жазасын қатаң режимдегі түзеу мекемесінде өтейді», деп хабарланды облыстық соттан.

Сонымен бірге сот материалдық шығынды өтеу жөнінде азаматтық шағымдарды қанағаттандырды.

Барлық қылмыстар 2012 жылдың шілдесі мен қазан айы аралығында жасалған.

Осы уақыт ішінде аляқ 1 млн. 55 мың теңгеге «байып» үлгерді.