Қарағандыда полиция автокөлігі жол апатына түсті (ФОТО)

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - 25 наурыз күні Қарағанды қаласында УАЗ полиция автокөлігі жол-көлік оқиғасына түсті, деп хабарлады «ҚазАқпарат тілшісі» оқиға орнынан.

Қарағандыда полиция автокөлігі жол апатына түсті (ФОТО)

Бұқар жырау және Қ.Сатбаев көшелерінің қиылысында полицейлер көлігі Тойота Авенсис автокөлігімен соқтығысып, нәтижесінде қызметтік көлік төңкеріліп қалды. «Жол-көлік оқиғасына қатысты сараптама тағайындалды, алдын ала қызметтік тексеру жүргізілуде. УАЗ автокөлігінің жүргізушісі бұл кезде қызмет бабымен жүрген», - деді Қарағанды облыстық ІІД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров. Оның айтуынша, жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер жоқ. УАЗ-дың жүргізушісіне медициналық жәрдем көрсетілді. Тойота автокөлігін 38 жастағы әйел адам басқарған.