Қарағандыда поляк фильмдерінің фестивалі өтуде

ҚАРАҒАНДЫ. Наурыздың 28-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ – Кеше Қарағандының «Сарыарқа» демалыс орталығы үйінде поляк фильмдері фестивалінің ашылуы болды,

Қарағандыда поляк фильмдерінің фестивалі өтуде
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оны Польша Республикасының Қазақстандағы елшілігі ұйымдастырды және оның салтанатты ашылуына елші Павел Чеплак қатысты.Шара концерттік бағдарламамен ашылды. Одан кейін көрермендерге 2005 жылы Карловы Варыда өткен Халықаралық 40-шы кинофестивальде Гран-при алған «Менің Никифорым» (режиссері Кшиштоф Краузе) деген фильм көрсетілді.Кинематографтардың 2000 жылдары экранға шыққан картиналарын көрсету бүгін және ертең жалғасады. Фильмдер тегін көрсетіледі. Фестивальдің репертуарында ? «Симметрия», «Құтқарушының алаңы», «Дене», «Құштарлық», «Тыртықтар» және «Жасмин» деген комедиялар мен драмалар бар. Фестивальдің жабылуы жексенбі күні кешке болады.