Қарағандыда прокурор 1 жылға сотталған кісі өлтірген адамның үкімін қатайтуға қол жеткізді
«Сотталушы ағымдағы жылдың қаңтар айында жанжал кезінде зардап шегушіні соққыға жығып, одан кейін оған бірнеше рет пышақ салады, нәтижесінде ол оқиға орнында көз жұмады», - деп түсіндірді істің мән-жайын Октябрь ауданы прокуратурасының бөлім бастығы Бақыт Абаев.
Сотталушы бас кезінде абайсызда кісі өліміне әкелген ауыр дене жарақаттарын қасақана салғаны үшін айыпталған болатын. Бірақ сот оның қылмыстық әрекетін Қылмыстық кодекстің 109-шы бабының аясында қарастырған, яғни ол қорғану мақсатында денсаулыққа қасақана ауыр зардап келтірген болып шыққан. Нәтижесінде ол азамат жалпы режимдегі түзету колониясына бір жылға кесілген.
«Аудандық соттың бұл үкіміне Октябрь ауданының прокуратурасы аппеляциялық наразылық енгізіп, оны Қарағанды облыстық соты толық қанағаттандырды. Сөйтіп, соталушының әрекеті Қылмыстық кодекстің 103-ші бабы 3-ші тармағы аясында қарастырылып, оның жазасы 7 жылға жеткізілді», - деп хабарлады Абаев.