14:39, 06 Қаңтар 2010 | GMT +5
Қарағандыда Рождество түні аязды болады деп күтілуде
ҚАРАҒАНДЫ. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыда қаңтар айының алғашқы апталығы қарлы болды - бір аптада айлық норма жауды.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Қарағандының Гидрометеорология орталығынан хабарлады.
Облыс орталығында жаңа жылдың алғашқы күнінен басталған қар әлі жауып жатыр. Ауа райы бүгін күрт суытады деп болжанып отыр.
Синоптиктердің мәліметтері бойынша, қаңтардың 7-сіне қараған түні ауа температурасы минус 15-20 градусқа дейін төмендейді. Облыстың солтүстігінде температура 28-33 градус аязға дейін төмендеуі ықтимал, деп хабарлады орталықтың ауа райын болжау бөлімінен.