Қарағандыда сауда үйінен жарылғыш зат іздестіріліп жатыр

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандының орталығындағы сауда үйінде жарылғыш зат іздестірілуде, деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен.
None
None

«Қарағандының орталығындағы сауда үйіне жарылғыш зат қойылғаны жөнінде хабар түскен. Осы сауда үйіне келушілер мен оның жанындағы Орталық әмбебап дүкенде жұмыс істейтін адамдар мен келушілер қауіпсіз жерге шығарылды», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта жедел іздестіру шаралары жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар