Қарағандыда сейсенбі күні жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру кезінде қаланың елеулі бөлігі жарықсыз қалады

ҚАРАҒАНДЫ. Қазанның 4-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыда сейсенбі, қазанның 5-інде қаланың елеулі бөлігі жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін күні бойына жарықсыз қалады.

Қарағандыда сейсенбі күні жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру кезінде қаланың елеулі бөлігі жарықсыз қалады

Бұл туралы «Қарағанды Жарық» ЖШС-інен хабарлады.

Жоғары кернеулі тоқ желілері департаментінің директоры Константин Конрадидің айтуынша, электр жарығы Жаңа қала, Михайловка, Федоровка мен ет комбинаты аудандарында сағат 9.30 бен 19.00 аралығында сөндіріледі.