Қарағандыда шахматтан ФИДЕ ережесі бойынша турнир ұйымдастырылды

Бұл ақпаратты облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармадан хабарлады.
Қарағанды облысы әкімі кубогына арналған шахмат турнирі алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Оған жалпы білім беретін орта мектептердің оқушыларынан жасақталған командалар қатысты. «Турнирдің басты мақсаты - шахмат спортының дамуына мұрындық болу, жастардың қызығушылығын ынталандыру, шахматтың танымалдылығын арттыру, талантты балаларды анықтап, оларға қолдау көрсету», делінген хабарламада.
Турнир ФИДЕ ережесі бойынша өтеді. Сайысқа қатысатын оқушылар екі топқа бөлінген. Бірінші топ 7-8, ал екінші топта 9-11 сынып оқушыларынан жасақталған.
Жалпы есепте бірінші орын Нұра ауданының командасына бұйырса, еінші, үшінші орындарды Шахтинск қаласы мен Шетпе ауданының оқушылары бөлісті.
Ұйымдастырушылар бұл турнирді жыл сайын өткізуге ниет танытып отыр.