Қарағандыда Солтүстік Қазақстан облысынан қашып кеткен сотталушы ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандыда өткен демалыс күні Солтүстік Қазақстан облысының қоныс-колониясынан қашып кеткен сотталушы ұсталды, деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаменті.
None
None

Оны іздеу жұмыстары екі тәулік бойы жүргізілді. Сотталушы Петропавл қаласынан Қызылжар ауданы Ольшанка ауылындағы қоныс-колонияда жазасын өтеп жатқан болатын. Еркін жүріп-тұру құқығын пайдаланған 35 жастағы сотталушы жұмыс орнын тастап, белгісіз бағытта ізін жасырған.

«Жазасын өтеуден жалтарғаны үшін әзірге процессуалдық шешім қабылданған жоқ. Алайда қашқын ол үшін екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - деп атап өтті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Берік Жәмішев.

Соңғы жаңалықтар
Референдум