Қарағандыда Сот-медициналық сараптама орталығы филиалының директорын атып кетті

ҚАРАҒАНДЫ. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыда бүгін таңертең Сот-медициналық сараптама орталығы филиалының директорын атып кетті,
None
None

деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

Оқиға сағат 9.00 шамасында, ол жұмысқа бара жатқан кезде орын алған. Директор ғимаратқа кірген кезде, оған белгісіз біреу оқ атқан. Бұл факті бойынша қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 96-шы бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында тергеу-жедел тобы жұмыс істеп жатыр.

Соңғы жаңалықтар