19:53, 24 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Қарағандыда студенттік ұйым балалар үйлері тәрбиеленушілері арасында «Ақшақар аруы» конкурсын өткізді
ҚАРАҒАНДЫ. Желтоқсанның 24-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Ақниет» жастар қайырымдылық ұйымы балалар үйлері тәрбиеленушілері арасында «Ақшақар аруы» конкурсын өткізді,

деп хабарлайды ЖОО баспасөз қызметі.
«Құлыншақ», «Таңшолпан» және Долинка кентіндегі Сергеев балалар үйінен келген бес конкурсант өз қабілеттерін танытты.
«Ақниет» студенттік ұйымы сонымен қатар, жоғары оқу орындарында қайырымдылық үшін жәшіктер орнатып, балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне жаңажылдық сыйлықтарға ақша жинауда.