Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қарағандыда такси жүргізушілеріне қарулы шабуыл жасады деген күдікті ұсталды

ҚАРАҒАНДЫ.  Қыркүйектің  30-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ -     Қарағанды  облысы  Ішкі істер  департаментінің   қылмыстық полиция басқармасының  қызметкерлері      арнайы  операция барысында  «Престиж»  таксиінің  жүргізушілеріне  қарулы  шабуыл   жасады  деген күдіктілердің бірін -  Қарағандының  20 жастағы тұрғынын ұстады, 

Қарағандыда     такси жүргізушілеріне  қарулы  шабуыл жасады  деген күдікті  ұсталды

деп хабарлайды    департаменттің баспасөз қызметінен. 

Естеріңізге сала кетейік, бірінші  оқиға       ағымдағы жылы   маусымның   8-інде    болған  еді -  белгісіз  екі адам түнде такси   жүргізушісін  пышақпен   қорқытып,  оның аяқ-қолын байлап,  «Престиж» таксиі»  жауапкершілігі  шектеулі серіктестігіне  тиесілі  «Мерседес-Бенц»  көлігін   айдап  әкеткен  еді.   «Престиж» таксиінің тағы бір жүргізушісіне осыған  ұқсас тағы бір қылмыс    қыркүйектің 11-інде  жасалды.  Қарақшылар бұл жолы  да     екеу    және қолдарында пышақ болған.     Қылмыскерлер   такси  жүргізушісінен       «Мерседес-Бенц» маркалы   машинаны,    ұялы  телефон және 11 мың теңге сома ақша тартып  алған. 

«Ұсталған   азамат     қарулы  шабуыл жасағанын   мойындады.     Одан  такси  жүргізушісінен   ұрланған    ұялы телефон  табылып  отыр.       Ал гаражынан  «Мерседестің» біреуінің  құжаттары тәркіленді, көліктің   қайда екені анықталуда.  Екінші  машина   қаладағы гараж  массивтерінің бірінен   табылды», - деп хабарлады   департаменттен.