Қарағандыда тротуарларды тазалауға арналған арнайы техника сатып алынды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда саябақтар мен тротуарларды тазарту үшін арнайы шағын тракторлар сатып алынды. Бұл туралы қала әкімі Ермағанбет Бөлекпаев брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Күн суыта бастағалы қарағандылықтардың тротуарларға дұрыс күтім жасалмайтыны туралы шағымдары көбейді. Қала билігі бұл мәселені жолдарды тазарту үшін арнайы техника сатып алу арқылы шешті.

«Қазір саябақтар басқармасы тротуарларды тазалау үшін шағын көлемді техника сатып алды. Алғашқы 4-еуі келді, тағы 10-ы жеткізілуін күтіп отырмыз. Олар желтоқсанның бірінші онкүндігінде келеді. Келесі жылы біз тағы 10 немесе 15 техника сатып алуды жоспарлап отырмыз. Бұл техника бүкіл қала бойынша жұмыс істейтін болады», - деді қала басшысы Ермағанбет Бөлекпаев.

Тротуарларды себуге келетін болсақ, Қарағанды әкімінің айтуынша, бұл мәселе де шешімін тапқан. Тұрғындардың құм-тұз қоспасының сапасы туралы шағымдарына Ермағанбет Бөлекпаев арнайы қоспаның өте қымбат екенін айтып түсіндірді.

«Иә, мұзға қарсы құм тұзы қоспасына қатысты проблемалар болды. Ең дұрысы, оны мүлдем қолданбаған жөн, мысалы, арнайы қоспаны қолданған дұрыс, бірақ ол өте қымбат. Тіпті Астанада мұндай қоспа тек негізгі жолдарда қолданылады. Сондықтан біз құм-тұз қоспасын пайдалануға мәжбүрміз. Бұл қоспаның сапасына қатысты сұрақтар болды, бірақ қазір мердігер аудан әкімдігі қызметкерлерінің бақылауымен қоспаны мұқият електен өткізіп жатыр», - деп түсіндірді Қарағанды әкімі.

Соңғы жаңалықтар