Қарағандыда тұрғын үйде қазандық жарылып, екі адам зардап шекті

ҚАРАҒАНДЫ. Ақпанның 22-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Дүйсенбі, ақпанның 22-сі күні Қарағандыда, Памирская көшесіндегі жекеменшік үйлердің бірінде қазандық жарылды,

Қарағандыда  тұрғын үйде  қазандық жарылып,   екі адам  зардап шекті

деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

Ведомствоның ақпараты бойынша, бүгін түнгі сағат 1-лерде болған қайғылы оқиғаның салдарынан екі адам - 20 жастағы ер азамат пен әйел зардап шеккен. Олар күйік жарақаттарымен Мақажанов атындағы емханаға жеткізілген.