Қарағандыда жамбастың мойын жағы сынған 101 жастағы қарияға ота жасады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда профессор Хафиз Мақажанов атындағы клиникада жамбастың мойын жағы сынған 101 жастағы зейнеткер Шәукей Жұқанұлына ота жасады.
None
None

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.  

«4 шілдеде  Мақажанов атындағы клиникаға 1915 жылы туған Шәукей Жұқанұлы түсті. Оны тексерген мамандар эндопротездеу отасын жасау шешіміне келді», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Дәрігерлердің ақпаратынша, ота 35 минут жасалды.

 «Науқастың жас ерекшелігін ескере отырып оны реанимациялық бөлімшеге жайғастырды. Екінші тәулікте  қарапайым  палатаға көшірілді. Төртінші күні ол жүріс арбасымен қозғала бастады», - деп атап өтті А. Иса.

Бүгін Шәукей Жұқанұлы клиникада қайта қалыпқа келу емдік шараларын қабылдап жатыр.

Дәрігерлер жамбастың мойын жағының сынуы қарттарда жиі кездесетінін атап өтті. Заманауи емдік шаралары қарияны бірнеше күнде аяғына тұрғызуға мүмкіндік береді. Оталар кепілдендірілген медициналық көмек аясында тегін жасалады. 

Соңғы жаңалықтар