Қарағандыда жанармай бекетіндегі дүкенге қарақшылық шабуыл жасаған қылмыскер ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандыда 11 тамыз күні полицияға жанармай құю бекетінде орналасқан дүкендердің бірінің сатушысы хабарласып, 25-30 жас шамасындағы белгісіз біреу пистолетке ұқсас қарумен қорқытып, дүкендегі мүлікті ашық түрде алып, "Ваз-2105" автокөлігімен қашып кеткенін жеткізген.
Жол-патрульік полиция сақшылары аталған көлікті ізін суытпай ұстап, күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлады Қарағанды облысының ІІД баспасөз қызметі.
Алдын ала тергеу амалдары барысында ұсталған азамат қылмысын мойындады. Одан "ОСА" травматикалық тапаншамен бірге үш оқ және айғақ заттар тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 192 бабы 1 тармағы "Қарақшылық шабуыл" фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.