Қарағандыда жас полицейлер ант қабылдады

ҚАРАҒАНДЫ. 21 қазан. ҚазАқпарат /Ольга Петренко/ - Бүгін Қарағандыда ішкі істер органдарының жас қызметкерлері ант қабылдады, деп хабарлады Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Қарағандыда жас полицейлер ант қабылдады

«Қысқы киім үлгісіне өтуге байланысты, облыстық ІІД мен бағынышты полиция бөлімдері бар Қарағанды қалалық ІІБ жеке құрамының жалпыгарнизондық саптық байқауы болып өтті. Салтанатты жағдайда жас қызметкерлер ант қабылдады», - делінген облыстық ІІД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

ІІД «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімше жауынгерлері мен Қарағанды қалалық ІІБ жедел әрекет ету арнайы отрядының қызметкерлері қылмыскерлерді құрықтау кезіндегі өз шеберліктерін көрсетті. Байқау оркестрдің сүйемелдеуімен жеке құрам мен арнайы техниканың шеруімен аяқталды.