Қарағандыда жасырын казино жұмысы әшкереленді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда тәртіп сақшылары жасырын, заңсыз казино қызметін анықтап, оның жұмысын тоқтатты, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Қарағандыда жасырын казино жұмысы әшкереленді

«Қарағанды облыстық ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқарма қызметкерлері жасырын казиноны жапты», делінген хабарламада. Полиция ақпаратынша, 15 ойын автоматы табылып, тәркіленген. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 307-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.