Қарағандыда Жеңіс күніне орай 8 мыңға жуық адамға материалдық көмек беріледі

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда ҰОС-тағы Жеңістің 70 жылдығына орай 8000-ға жуық адам бір жолғы материалдық көмекке ие болады. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ирина Любарская мәлім етті.
None
None

«Бүгін Қарағандыда 170 ҰОС қатысушы мен мүгедегі, жеңілдікке ие санаттағы 7681 тұлға тұрады. Барлығына ҰОС-да Жеңісті жақындатқаны үшін бір жолғы төлем төленеді», - деді И.Любарская. Бұл үшін республикалық бюджеттен 213 млн. теңге, Қарағанды бюджетінен 129 млн. теңге бөлінді. 1941-1945 жылғы соғыс мүгедектері мен оған қатысқандар 250 мың теңгеден: 100 мың теңге - республикалық бюджеттен, 150 мың теңге жергілікті қазынадан алады. «Төлемдер 7 сәуірден бастап төленіп, бұл істі айдың соңына дейін аяқтау жоспарланған», - деді қала әкімінің орынбасары. Сондай-ақ ол 7 сәуірде Қарағандыда мерейтойлық медальдар табыстала бастайтынын айтты. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, бұл наградаға 7471 қарағандылық ие болады. «8 ардагер баспанаға мұқтаж болған. Үшеуі Наурыз мерекесі қарсаңында пәтер кілтіне ие болды. Бесеуі 1 мамырға дейін баспанамен қамтылатын болады», - деді И.Любарская. Мәскеудегі әскери шеруге бір қарағандылық, Астанадағы шеруге жеті қарағандылық қатысады. Олар үшін демеушілердің қаражатына форма тігіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар