Қарағандыда «Жол картасы» бағдарламасы бойынша екі балабақша қайта жөндеуден өткізілуде
ҚАРАҒАНДЫ. 9 қараша. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыда «Жол картасы» бағдарламасы бойынша екі балабақша қайта жөндеуден өткізілуде, олардың ашылуы желтоқсанға жоспарланып отыр,
деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Жол картасы» аясында қайтарылып алынған бұрынғы балабақша үйін қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қазіргі уақытта мектепке дейінгі екі мекеме жөндеуден өткізілуде. Аталған мекемелердегі қалпына келтіру жұмыстары біткеннен кейін, жыл соңында 610 бүлдіршін балабақшаға қабылданатын болады», - деп атап өтті баспасөз қызметінде.
Майқұдықтың 13 шағын ауданында орналасқан белгілі бір тұрағы жақ жандарға әлеуметтік көмек көрсететін бұрынғы орталық енді қайтадан бүлдіршіндерге қайтарылды. Келешекте «Балбөбек» аталатын балабақшаны жөндеп, бастапқы қалпына келтіруге республикалық бюджеттен 46 миллион теңге қаржы бөлінген. Мердігерлер өздеріне жүктелген тапсырманы уақытылы аяқтап шығу мақсатында қарқынды жұмыстар атқаруда. Доватор көшесіндегі «Алпамыс» мектепке дейінгі мекемесі таяудағы күндері 330 балдырғанға есігін айқара ашпақ. Аталған нысанды жөндеу жұмыстарын жүргізуге 69 миллион теңге бөлінген. Бүгінгі таңда балабақшадағы жөндеу жұмыстары аяқталып, оған жиһаздар мен ойыншықтар, басқадай қажетті заттар сатып алынуда.
Жыл соңына дейін қалада тағы да екі шағын орталық ашылып, оған 150 бүлдіршін тартылатын болады.