Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қарағандыда жолаушылар көлігі өртеніп кетті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда 013 бағыты бойынша жүретін шағын автобус өртке оранды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.Төтенше оқиға бүгін түстен кейін Бейбітшілік бульварындағы №3 гимназияның маңында орын алды.

Қарағандыда жолаушылар көлігі өртеніп кетті

Көлік кондукторы Иван Татаевтың айтуынша, түтін иісі шыққаны сезілген сәтте-ақ олар барлық жолаушыларды сыртқа шығарып үлгерген.

Ал көлік салоны түгелдей өртеніп кетті. Тілсіз жаудың тұтану себептері анықталуда.

Өңірдің ТЖД болған оқиғаға қатысты әзірге еш түсінік бермей отыр.