Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қарағандыда жүк көлігімен соғысқан жеңіл авто жүргізушісі көз жұмды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні таңертең Қарағандыда Октябрь ауданындағы автожолда қанқұйлы жол-көлік апаты болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағандыда жүк көлігімен соғысқан жеңіл авто жүргізушісі көз жұмды

«16 қарашада Бұқар Жырау ауданының тұрғыны, «Опель-Вектра» автокөлігінің 38 жастағы жүргізушісі 7-магистральға бағыт алып, алдын ала болжам бойынша, қарсы жолаққа шығып кеткен және Жамбыл облысының 42 жастағы тумасының жол жиегінде тұрған «VOLVО» жүк көлігіне соқтығысқан. Жол-көлік апатынан «Опель-Вектра» жүргізушісі жарақат алып, апат орнында көз жұмды», - деді облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Жол-көлік апаты фактісі бойынша ҚР ҚК 345-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.