Қарағандыда журналистерді мультимедиялық технологияларға оқыту бойынша семинар-тренинг өтті

ҚАРАҒАНДЫ. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қарағандыда «БАҚ ғаламторға келе жатыр» атты екікүндік семинар-тренинг өтті. Онда журналистерді мультимедиялық технологияларға оқытты.
None
None

«Біз осындай семинарлар топтамасын ҚР Ақпарат және байланыс министрлігінің Ақпарат және мұрағаттар комитетінің қолдауымен ұйымдастырдық. Олардың мақсаты - журналистерге материал дайындау және ақпарат тарату кезінде ғаламторды пайдалану біліктілігін арттыру», - деді «Тұран-Профи» халықаралық кәсіби академиясының біліктілікті арттыру институтының проректоры Зәмзәгүл Қапбасова.

Ақпарат және мұрағаттар комитетінің сарапшысы Данияр Әлжановтың пікірінше, семинардың тақырыбы өте өзекті. «Шетелде көптеген БАҚ-тың ғаламторға кетіп жатқанын тәжірибе көрсетіп отыр», - деді ол.

Семинар қатысушылары әлеуметтік желілердің мүмкіндіктерін, өз материалдарын алға жылжыту нұсқаларын талқылап, мультимедиялық редакцияның жұмыс қағидаттары туралы түсінік алды. Олардың барлығы сертификатқа ие болды.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, осындай семинарлар 8-9 желтоқсан күндері Алматыда, 10-11 желтоқсан күндері Астанада өтеді.

Соңғы жаңалықтар