13:41, 05 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Қарағандыда жыл басынан бері үйлер аулаларында тұрған көліктерден 800 рет ұрлық жасалды
ҚАРАҒАНДЫ. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қарағандыда жыл басынан бері үйлердің аулаларында тұрған көліктерден 800 рет ұрлық жасалды, деп хабарлады Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

«Қалалық ІІД-нің мәліметтеріне қарағанда, 843 фактінің 682-сі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Талдау көрсеткендей, негізінен көліктің бөлшектері, радиоаппаратура (магнитофондар, GPS-навигаторлар және т.б.), ақшалар және мемлекеттік нөмірлер қолды болады», - делінген облыстық ІІД-нің таратқан хабарламасында.
Жуырда облыстық ІІД жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасы арқылы ұрыларды «ізін суытпай» ұстау мүмкін болды.