Қарағандыдағы бірінші ауылшаруашылық жәрмеңкесінде 70 тоннаға жуық ет пен 600 тоннадай көкөніс сатылды
«Жәрмеңкеге облыстың сегіз ауданының шаруалары мен ауылшаруашылық кәсіпорындары өнімдерін әкелді. Оған сондай-ақ Қарағандының тауар өндірушілері қатысты. Жалпы алғанда 116,2 млн. теңгеге тауар сатылды», - деп Қарағанды әкімдігінде жәрмеңкенің қорытындысын шығарды.
Әкімдік мәліметтерінше, 68,5 тонна ет, 598 тонна картоп пен басқа көкөністер, 13,4 тонна ет өнімдері, 200 мың данадан астам жұмыртқа сатылды.
«Азық-түлік тауарлары белгіленген бағалармен, қала базарларымен салыстырғанда 10-15 пайызға төмен бағамен сатылды», - деп атап өтеді әкімдікте.
Мәселен, ауылшаруашылық жәрмеңкесінде сиыр және қой етінің бір келісі 1000 теңгеден сатылса, жылқы еті - 1200 теңге, шошқа еті - 750 теңге болды. Қысқа қамданған қалалықтар көкөністерді қап-қаппен алды. Картоптың келісі 45 теңге болса, базардағы бағасы - 62 теңге, орамжапырақ - 50 теңгеден сатылды (базардағы бағасы - 80 теңге), пияз 35 теңгеден сатылды (екі есеге арзан).
Әкімдіктің ақпаратына сәйкес, Қарағандыда ауылшаруашылық жәрмеңкелері тағы екі рет - 27 қазанда және 3 қарашада өтеді.