Қарағандыдағы мектептің төбесі құлап кетті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласындағы №50 орта мектептің төбесі құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағандыдағы мектептің төбесі құлап кетті

Қарағанды қаласының білім бөлімі хабарлағандай, маусым айының соңында №50 мектептің спорт залында ішкі жөндеу жұмыстары басталған. Мердігерлер спорт залдың төбесіндегі жұмсақ шатырға жөндеу жұмыстарын жүргізген. 8 шілде күні сағат 21.00-де спорт залдың шатыр тіреулері құлап кеткен. Оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Мектеп ғимаратында апаттың белгілері болған жоқ», - деді білім бөлімі.

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша тергеу жүргізу және болған оқиғаның себептерін анықтау үшін ведомствоаралық комиссия құрылды.



АҚШ
Ұқсас жаңалықтар

Пекин Вашингтонның Қытай мұнай компанияларына салған санкциясына қарсы шықты