Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қарағандыдағы жылу кешенінің құрылысы қосымша қаржыландыруды қажет етті, инфрақұрылымға қатысты мәселелер туындаған

ҚАРАҒАНДЫ. Шілденің 16-сы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыда «Green Technology» компаниясының жылу кешені құрылысы бойынша жобаны іске асыруда мәселелер туындаған. Осыған байланысты Қарағанды облысының әкімі бейсенбі, шілденің 15-і күні Серік Ахметов мемлекеттік органдар мен қызмет көрсетуші компания өкілдері, жекеменшік тұлғалардың қатысуымен құрылыс алаңында жұмыс кеңесін өткізді.

Қарағандыдағы жылу кешенінің құрылысы қосымша қаржыландыруды қажет етті, инфрақұрылымға қатысты мәселелер туындаған

Талқыға түскен мәселелердің бірі - қосымша қаражат қажет болғандықтан, кепілге салынған мүліктің артуы. Туындаған басқа мәселе - нысанды су, электр және жылу энергиясымен қамтамасыз ету бойынша инфрақұрылымға қосу. Аймақ басшысы осы мәселелерді шешу бойынша бұйрықтар берді.

«Индустриялады-инновациялық жобаны жүзеге асыру барысында кейбір мәселелер туындап отыр. Әрине, бұл қаржыландырылуға қатысты», - деді журналистерге берген сұхбатында Серік Ахметов.

«Green Technology» ЖШС-нің директоры Мәдениет Божбановтың айтуынша, жобаны жүзеге асыру үшін қосымша 240 млн. теңге қаражат керек.