Қарағандыдан Мәскеуге тікелей ұшатын жаңа әуе рейсі ашылды

ҚАРАҒАНДЫ. КазАқпарат - Қарағандыдан Мәскеуге тікелей рейсті «ИрАэро» компаниясы жүзеге асырады. Рейстер тұрақты болады, аталмыш әуе қатынасына билеттер сатылымға шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағандыдан Мәскеуге тікелей ұшатын жаңа әуе рейсі ашылды

1-18 маусым аралығында «ИрАэро» компаниясының ұшақтары Қарағандыдан Мәскеуге, Жуковский әуежайына бейсенбі және сенбі күндері ұшады. Ал 18 маусымнан бастап рейстер сейсенбі, бейсенбі және сенбі аралығында орындалады.

Қарағандыдан жергілікті уақыт бойынша сағат 9:00-де ұшып шығатын борт межелі пунктке Мәскеу уақыты бойынша сағат 9:05-те келеді. Ұшу 3 сағат 5 минутқа созылады.

Билеттер компанияның сайтында сатылуда. Қайтару және айырбастау мүмкіндігі бар стандартты билеттің құны - шамамен 75 400 теңге (12 756 рубль).

Айта кетерлігі, Қарағандыдан Мәскеуге ресейлік тағы бір компания ұшағы қатынайды.