Қарағандылық Аяла Мұқышева Петербордағы «Салют Талантов» жобасының суперфиналында жарқырай көрінді (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының тұрғыны Аяла Мұқышева «Салют Талантов» жобасы суперфиналының 25 үздік қатысушыларының қатарына енді.
None
None

2014-2015 жылғы фестивальдық маусымның "Салют Талантов" халықаралық жобасының V суперфиналы Санкт-Петерборда 5 және 6 қазанда өтті.

Үштөбе орта мектебінің оқушысы I дәрежелі лауреат атанып, суперфиналдың Гала-концертіне жолдама алды. Байқауда Ресей, Қазақстан, Беларусь, Өзбекстан және Финляндияның 67 қаласының 600-ден астам жас музыканты өнер көрсетті.

Аяла Мұқышева «Вокалдық шығармашылық» аталымына қатысып, «Қазақстаным алға» әнін орындады. Атап өту керек, ол іріктеу кезеңінің барлық турынан өткен жалғыз қазақстандық әртіс.

Аяланың вокалдық шеберлігін қазылар алқасы жоғары бағалады.

Санкт-Петербордағы Қазақстан Республикасының Бас консулы Ермек Пірімбетов суперфиналдың құрметті қонағы болды.

Суперфиналдың сыйлық қоры 500 000 рубльді құрайды.

Соңғы жаңалықтар