Қарағандылық Екатерина Аидова конькиден жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогын жеңіп алды
ҚАРАҒАНДЫ. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандылық Екатерина Аидова ақтық кезеңі Берлинде өткен коньки спортынан жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогын жеңіп алды.
Екатерина Аидова осынау халықаралық жарыстың барлық төрт кезеңінде жеңіске жетіп, абсолюттік жеңімпаз атанды. Естеріңізге сала кетейік, Кубоктың алғашқы кезеңі Нидерландыда, Гронинген қаласында өтсе, екінші және үшінші кезеңі - Италияның Коллбамбо және Базельге-ди-Пине қалаларында өтті. Ақтық сайысқа қазақстандық спортшы Ванкувер Олимпиадасынан кейін аттанды.
Е.Аидова 500 және 1 мың метрлік спринтерлік қашықтықтарда бірінші болып келіп, жалпы есепте алтын медальді жеңіп алды.
Қазір қарағандылық спортшы Мәскеуде наурыздың 12-14-інде жасөспірімдер арасында өтетін әлем чемпионатына дайындалуда.