19:18, 02 Қыркүйек 2015 | GMT +5
Қарағандылық каратэшілер Йоханнесбургтегі әлем чемпионатынан олжалы оралды (ФОТО)
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандылықтар Йоханнесбургтегі (ОАР) каратэ-до бойынша әлем чемпионатының жеңімпаздары атанды, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.

«28-30 тамыз аралығында Йоханнесбург қаласында (ОАР) каратэ-до бойынша әлем чемпионаты өтті. Қазақстан ұлттық командасының құрамында қарағандылық спортшылар олжалы оралды», - делінген хабарламада.
Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Виктор Ешкин ардагерлер арасында жеке кумите сынында бірінші және командалық кумитеде екінші орынға ие болды.
Зафар Саидов ересектер арасындағы жеке кумите және командалық кумитеде бірінші орынға қол жеткізді. Спортшыны Виктор Ешкин жаттықтырады.
Данил Заико жасөспірімдер арасында жеке және командалық кумитеде бірінші орынға тұрақтады, сонымен қатар ката бойынша үшінші орыннан көрінді. Оның жаттықтырушысы - Марат Жүнісбаев.