17:13, 07 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Қарағандылық конькиші Екатерина Айдова Ванкувердегі қысқы Олимпиадалық ойындарға жолдама алды
ҚАРАҒАНДЫ. Желтоқсанның 7-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандылық 18 жасар коньки спортшысы Екатерина Айдова Калгариде (Канада) Әлем кубогында табысты ойын өрнегін көрсетіп, Ванкуверде өтетін қысқы Олимпиадалық ойындарға жолдама алды.
Спортшының жаттықтырушысы Сергей Лоскутниковтың Канададан телефонмен хабарлауынша, Е.Айдова өткен сенбіде 500 метрлік спринтерлік қашықтықта олимпиада нормативін орындады.
Бұдан басқа Е.Айдова бұл қашықтықты 38,7 секундта жүгіріп өтіп, жылдамдықтан республикалық рекорд орнатты, деп атап өтті жаттықтырушы.