Қарағандылық спортшылар 2009 жылы 2000-нан астам алтын медальді жеңіп алды

Бұл дерек Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметовтің аймақ спорт жұртшылығымен болған кездесуінде айтылды.
«ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев белгілеген маңызды басым саясаттарының бірі халықтың денсаулығын нығайту болып табылады. Елімізде спортты дамытуға аса үлкен көңіл бөлінуде. Жылдан жылға спорттық іс-шараларды қаржыландыру ұлғайып келеді, жаңа спорт құрылыстары ашылуда», - деді аймақ басшысы.
С.Ахметов Қарағанды спортының қалыптасқан байырғы дәстүрі бар екенін және дамытудың қуатты әлеуетіне ие екенін, спортшылардың биылғы жылғы халықаралық ареналардағы жетісіктері осының жарқын көрінісі болып табылатынын атап өтті. Мысал ретінде, боксшы Серік Сәпиев, дзюдошы Максим Раков, суға жүзуші Дмитрий Гордиенко, Евгений Рыжков, Станислав Осинский, Станислав Кузьмин, конькиші Екатерина Айдова сияқты спортшылардың есімдері аталды.
«Бүгінгі таңдағы басты міндеттер - алдағы 2010 жылы Ванкуверде өтетін ХХІ Қысқы Олимпиада оындарына, 2010 жылғы XVI Жазғы Азия ойындарына, 2011 жылы Астана мен Алматыда өтетін VII Қысқы Азия ойындарына, 2012 жылы Лондонда өтетін ХХХ Жазғы Олимиадалық ойындарға жан-жақты әзірлену және қатысу», - деп атап көрсетті облыс әкімі.
Кездесуге қатысушылар барлық спорт түпрлері бойынша жаттығу бағаларын құру қажеттігі туралы әңіме қозғалды. С.Ахметов көпбейінді спорт орталығын құру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге тапсырма берді, мұндай кешендерде кәсіби спортшылар облыстың барлық тұрғындары жаттығуға мүмкіндік алады, деп хабарлайды рблыс әкімінің баспасөз қызметі.
Аймақ әкімімен болған кездесуге үлкен жетісіктерге жеткен спортшылар, жаттықтырушылар, спорт ардагерлері шақырылды.