Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қарағандылық төрт кикбоксшы әлем чемпионатына жолдама алды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандылық спортшылар Петропавлда ең мықты кикбоксшылар арасында өткен республикалық жарыста табысты шықты, деп хабарлады облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.

Қарағандылық төрт кикбоксшы әлем чемпионатына жолдама алды

«Жарысқа 14 команда, 80 спортшы қатысты. Қарағанды облысының атынан 9 кикбоксшы шықты. Жарыс қорытындылары бойынша құрамына қарағандылық Руслан Баязитов, Екатерина Братухина, Марина Ни және Тамара Темірбаева кірген Қазақстан ұлттық құрамасы қалыптасты», - делінген хабарламада.

Жарыс жеңімпаздарын Біржан Жахин жаттықтырып отыр.

«Жалпы алғанда қарағандылықтар ең мықты кикбоксшылар жарысында барлығы 7 медаль: 3 алтын, 2 күміс және 2 қола жүлдені жеңіп алған», - делінген спорт басқармасының хабарламасында.