Қарағандылық Вера Овчарова «Филантроп» халықаралық конкурсының дипломанты атанды

ҚАРАҒАНДЫ. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Көзі нашар көретін қарағандылық Вера Овчарова «Әдеби шығармашылық» аталымы бойынша «Филантроп» халықаралық конкурсының дипломанты атанды.
None
None

ҚазАқпарат тілшісіне бұл туралы Қазақтың зағиптар қоғамының Қарағанды филиалы Мәдениет үйінің директоры Ирина Мартын хабарлады.

«Мүгедек жандардың мәдениет және өнер саласындағы айтулы жетістіктері үшін берілетін «Филантроп» халықаралық сыйлығы Ресейде осымен алтыншы жыл табыс етілуде. Бұл өте танымал адамдар ұйытқы болған беделді конкурс. Қамқоршылар кеңесіне КСРО халық әртісі Юрий Соломин жетекшілік етсе, қазылар алқасына КСРО халық әртісі Иосиф Кобзон төрағалық етеді. Конкурсқа біз екі авторымыздың туындыларын жіберген болатынбыз. Вера Овчарованың поэзиялық шығармалары ерекше аталып отыр. Ол - конкурстың Қазақстандағы жалғыз дипломаты»,- дейді И.Мартын.

55 жастағы Вера Овчаровка негізінен лирикалық мазмұндағы - өмір туралы, сезім туралы өлеңдер жазады. «Ол өте дарынды адам. Оның лирикасы өте терең. Бізді дарынды жандар өте көп», - дейді И.Мартын ханым.

Соңғы жаңалықтар