Қарағандылық волейболшылардың Вьетнам телевидениесі кубогы халықаралық турнирінің жартылай финалындағы қарсыласы анықталды

АЛМАТЫ. 8 наурыз. ҚазАқпарат - Қарағандылық волейболшылар Вьетнамның Гиа Лай қаласында әйелдер арасында өтіп жатқан «Вьетнам телевидениесі кубогы» VII Халықаралық турнирінің топтық сайысында үздік шықты.

Қарағандылық волейболшылардың Вьетнам телевидениесі кубогы халықаралық турнирінің   жартылай финалындағы қарсыласы анықталды

Нұрлан Садықов жаттықтыратын «Қарағанды» командасы вьетнамдықтардың «VTV-Binh Điền Long An» және «VietsovPetro» командалары мен Австралия құрамасын 3:0 есебімен ұтып, «А» тобында 9 ұпаймен жеңімпаз атанды. Олар ертең жартылай финалда «В» тобында 5 ұпаймен 2-орын еншілеген жарыс қожайындарының «Ngân hàng Công thương» командасымен кездеседі. Ал 6 ұпаймен 2-орын алған «VietsovPetro» 8 ұпай жинап «В» тобында жеңімпаз атанған «TT Liên Việt Bank» командасымен күш сынасады. Бұл сайыста үстем шыққандар жексенбі күні Кубок үшін таласады. Ал бүгін топтық сайыста 3-4 орын алған командалар 5-8 орындарды өзара сарапқа салуда. Мұнда вьетнамдықтардың «VTV-Binh Điền Long An» мен «Tân Bình» және Оңтүстік Кореяның «Yang Sang» командасы мен Австралия құрамасы өзара жұп құрап отыр.