Қарағандылықтар енді жаңа қысқы спорт түрі – кёрлингпен айналыса алады
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында биыл 58 спорт нысаны ашылмақ. Өткен жылы өңірдің 22 670 өкілі түрлі дәрежедегі 661 жарысқа қатысып, 7 641 медальға, оның ішінде 2 489 алтын медальға ие болды.
Сондай-ақ қарағандылықтар енді жаңа спорт түрі – керлингпен айналыса алады. Бұл туралы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Темірхан Абылаев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Темірхан Серікбайұлы, бұқаралық және балалар спортын дамыту бағытында қандай жұмыстар атқарылып жатыр ?
2021 жылы дене шынықтырумен және спортпен айналысатын тұрғындарды қамту 33,28%-ды немесе 456 839 адамды құрады, оның ішінде 145 мыңнан астамы балалар, 2022 жылы 37,11%-ға жетуі тиіс. Бұл көрсеткіштердің негізінде басты мақсат – бұқаралық, әсіресе балалар спортын дамыту бойынша нақты жұмыс жатыр. Президенттің тапсырмасына сәйкес халықты дене шынықтырумен қамту 50%-ды құрауы тиіс.
Өңірдің барлық аудандары мен қалаларында спорт мектептері жұмыс істейді. Онда 33 мың адам тегін жаттығады. Облыста 7 404 спорт секциясы бар. Соңғы екі жылда Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Осакаров, Қарқаралы және Бұқар Жырау аудандарында 339 секция ашылды. Өткен жылы мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына қаржыландыру енгізілді. Бүгінгі күні спорттың 24 түрі бойынша секциялар ашылды, олардың екеуі мүгедектерге арналған, оларда 11 мыңнан астам бала Қарағанды, Теміртау, Қарқаралы, Шахтинск, Саран, Абай, Бұқар жырау, Осакаров және Жаңаарқа аудандарында тегін жаттығады. Секция ашамыз деп ниет білдірушілерден әлі де өтінімдер белсенді түрде келіп жатыр. 2022 жылы осы бағдарлама бойынша спортпен шұғылданатын балалар саны ғана емес, оның қолданылу географиясы да кеңейтіледі – жобаға өңірдің барлық аудандары қатысуы тиіс.
Өткен жылдың желтоқсан айында бұқаралық және балалар спорт орталығы құрылды. Ол жан басына қаржыландыру бағдарламасының үйлестірушісі, спартакиадалардың, түрлі біріншіліктер мен басқа да іс-шаралардың ұйымдастырушысы болады.
Өңірдің әрбір тұрғыны, ең алдымен балалар, қалаларда да, шалғайдағы ауылдарда да қолайлы жағдайда спортпен шұғылдануға мүмкіндік алуы тиіс. Халық аз қоныстанған жерлердің өзінде мектеп спортзалы болуы тиіс. Алайда оның өзі жақсы жабдықталған, барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілгені жөн. Ондағы сабақтарды жаңа, заманауи жүйелер бойынша жаттықтырушылар жүргізеді.
Биыл біздің облыста қандай жаңа спорт нысандары пайда болады?
Бүгінгі таңда өңірде 3 280 спорт ғимараты жұмыс істейді, оның 1 267-сі ауылдық жерлерде. Өткен жылы олардың саны 125 бірлікке артты – бұл жаңа спорт кешендері, залдар, алаңдар мен корттар. 2022 жылы өңірде осындай 58 нысан ашу жоспарланып отыр.
Алдағы уақытта мына қалалар мен аудандарда 10 спорт ғимараты салынады:
- Шахтинск қаласында бассейні бар 160 орындық спорт орталығы;
- Жезқазғанда бассейні бар 320 орындық орталық;
- Ұлытау ауданы Жезді кентіндегі 160 орындық спортзал;
- Бұқар Жырау ауданы Ботақара кентіндегі 320 орындық спортзал;
- Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылындағы 100 орындық спортзал;
- Нұра ауданы Нұра кентінде бассейн;
- Жаңаарқа ауданы Жаңаарқа кентіндегі бассейн;
- Нұра ауданының Нұра кентінде жабық хоккей корты;
- Нұра ауданы Шахтерское ауылындағы жабық хоккей корты;
- К. Байшолақов атындағы спорт кешені салынады.
Биыл өңіріміз үшін жаңа спорт түрлері қолжетімді бола ма?
Біздің облыста спорттың 100 түрі дамып келеді, оның 44-і олимпиадалық спорт түрі. Бізде 47 мемлекеттік спорт мектептері мен ұйымдары, 72 федерация бар. Яғни, таңдау өте үлкен және олар айтқандай, ассортимент жыл сайын артып келеді. Жан басына қаржыландыру бағдарламасы бойынша ғана спорттың 71 түрі ұсынылады. Жаңаларының ішінде кёрлингті атауға болады. Қазіргі уақытта федерация осы спорт түрі бойынша аккредитациядан өтуде. Олар тез дамып, алуан түрлілігімен таң қалдырады. 2021 жылы құрылған олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі және федерациялармен тығыз байланыста жұмыс істейтін жауынгерлік өнер қауымдастығы жастар мен жасөспірімдердің спортпен шұғылдануға, жарыстарға қатысуға және салауатты өмір салтын ұстануына мүмкіндік берді. Жастарды зиянды әдеттерден қорғайтын - спорт. Біздің спортшылар көптеген республикалық және халықаралық жарыстарға қатысып, медальдарға ие болды. Қазір өңірде 204 жас спортшы мен 27 жаттықтырушы бар.
Республиклық және халықаралық жарыстарда нәтиже көрсеткен спортшыларды қолдау тетігі бар ма ?
Қарағанды облысынан 1 471 спортшы Қазақстан ұлттық құрамасына кіреді. 2021 жылы облысымыздың 22 670 өкілі түрлі дәрежедегі 661 жарысқа қатысты, олар 7 641 медальға ие болды, оның ішінде 2 489 алтын бар. Қазақстанның 287 чемпионатында қарағандылықтар 670 рет бірінші орынды иеленді. 129 халықаралық біріншілікте спортшыларымыздың 120 жоғары марапаты бар. Айта кету керек, олардың ең жақсысына елеулі қолдау көрсетіледі. Ай сайынғы ақшалай қаражатты спорттың 30 түрінен 162 спортшы және 91 жаттықтырушы алады. Сонымен қатар, чемпиондар мен жаттықтырушыларды ынталандыру үшін облыс әкімінің жыл сайынғы сыйлығы тағайындалды, ол халықаралық аренадағы ең жоғары жетістіктері үшін төленеді.
Өңірде ұлттық спорт түрлері қалай дамуда?
Облыста ұлттық спорт түрлерін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Шұғылданушылар саны 45 мыңнан асады. Өңірде 10 спорт түрі дамуда (тоғызқұмалақ, саятшылық, бәйге, жекпе-жек қазақ күресі, асық ату, қыз қуу, теңге алу, аударыспақ, көкпар, жамбы ату). Ұлттық спорт түрлерін, әсіресе ат спортын қарқынды дамыту өткен жылы дене шынықтыру басқармасының басым міндеттерінің бірі болды. Мәселен, ұзақ уақыт ішінде алғаш рет өңір аудандарынан келген ең әлеуетті көкпаршылар үшін оқу-жаттығу жиындары ұйымдастырылды. Таразда көкпардан Қазақстан чемпионаты өтті. Қарағанды облысының құрамасы бірінші лигада екінші орын алып, жоғары лигада ойнау құқығына ие болды. Бұл нағыз жетістік. Біздің көкпаршылар мұндай нәтижеге осыған дейін қол жеткізген емес.
Шет ауданының командасы көкпардан облыстық чемпионаттың жеңімпазы атанды. Қатысушылардың пікірінше, жарыс жоғары деңгейде өтті және ешқашан мұндай ауқымды болған емес. Өңірлік біріншілікте өңір аудандарынан келген он команда жеңіс үшін күресті. Бұл өткен жылдары ұйымдастырылған облыстық чемпионаттармен салыстырғанда рекордтық көрсеткіш.
2021 жылдың қаңтарында аймақтың ұлттық спорт түрлерінің қауымдастығы құрылды. Ол тұрғындардың ерекше қызығушылығын тудырып, бәйге ұйымдастырылды. Ұлттық спорт түрлерін дамытуға айтарлықтай серпін беретін Ипподром десек болады, ол іс жүзінде қала ішінде, Үштөбе кенті ауданында пайда болады. Бұл нысан бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Ипподром спортшылардың жаттығуы үшін тамаша база болады. Оған қоса, бұл республикалық және тіпті халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізу мүмкіндігі, олар, әрине, қызығушылық тудырады және ұлттық спорт түрлерін жақсы насихаттайтын болады.
Сондай-ақ, өткен жылы Ә. Молдағұлова атындағы мектеп-интернат жанынан қазақ күресінен үздік спортшыларға арналған бөлім ашылды. Жалпы, ұлттық күрес 16 спорт мектебінде бар, онда 66 жаттықтырушының жетекшілігімен 2 483 адам жаттығады. Басқа да ұлттық спорт түрлері табысты дамуда, мұны біздің облысымыздың өкілдері республикалық және халықаралық жарыстарда жеңіп алған наградалар растайды.
Ауыл спортаның жағдай қалай ?
Біріншіден, әрбір ауылда балалар тегін жаттығатын мемлекеттік спорт мектебі бар. Жұмысқа шалғай елді мекендердегі, әдетте, мектеп спортзалдарындағы секцияларды жүргізетін жаттықтырушылар тартылады. Сонымен қатар, жыл сайын өңірде 40-тан астам спорт алаңдары орнатылады. 2021 жылы рекордтық көрсеткіш – облыстың қалалары мен аудандарында 100 жазық нысан орнатылды. Екіншіден, халықты, әсіресе ауылдық жерлерде, дене шынықтырумен айналысуға тартуда спорт нұсқаушыларының маңызы зор. Өткен жылы облыста осындай мамандар саны 543 адамды құрады. Аудандарда 295 нұсқаушы жұмыс істейді. Спорт алаңдары мен залдар бос болмауы керек. Бұл нұсқаушылардың басты мақсаты. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Жалпы облыс бойынша жаттықтырушылар жеткілікті ме ?
Ауылдық жерлерде мұндай проблема бар. Қарағанды жоғары оқу орындары жаттықтырушыларды емес, дене шынықтыру оқытушыларын даярлайды. Сол себепті біз Ә. Молдағұлова атындағы облыстық мектеп-интернаттың базасында колледж аштық. Биыл алғашқы 30 түлегі шығады, олар «спорт түрінен жаттықтырушы-оқытушы» мамандығы бойынша диплом алады. Бұл жастар, әдетте, өздері шалғай аудандардан шыққан, ауылда жұмыс істей алады. Сонымен қатар, аудандық спорт мектептері, жергілікті әкімдіктердің басшылығы осындай мамандарды қолдайды.
Спортпен айналысу үшін денсаулығына байланысты шектеулері бар балалармен жұмыс қалай жүріп жатыр ?
Мүгедектер спортын қолдау мәселесі облыс әкімдігі мен басқарманың ерекше бақылауында. Бүгінгі таңда өңірде мүмкіндігі шектеулі 4 086 тұрғын секцияларға қатысуда. Қазақстан ұлттық құрамасына біздің 92 спортшы кіреді. Облыста 450 адамға арналған мүгедектер спорты бойынша мамандандырылған мектеп жұмыс істейді. Олармен 22 жаттықтырушы-оқытушы жұмыс істейді. Мектепте жастарды спорттың 16 түрі бойынша жаттықтырады. Бірақ біз спортпен шұғылданатын мүгедектігі бар адамдардың, әсіресе балалардың айтарлықтай өсуі үшін барлық жағдайды жасауымыз керек.
Қарағанды облысының әкімдігі мен «Тең мүмкіндіктер әлемі» ҚҚ арасында «Саламатты болашақ» әлеуметтік жобасы бойынша меморандумға қол қойылды, ол ерекше балаларға спорт басқармасының залдарында, маньеждері мен бассейндерінде тегін айналысуға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта аутистік спектрдің бұзылуы және менталдық бұзылулары бар 92 бала таэквондо, хореография, бочче және жүзу секцияларында жаттығады. Жүзу, әрине, қалпына келтіретін әсер береді, сондықтан ең танымал. Биыл әлеуметтік мемлекеттік тапсырыс бойынша АСБ және менталды бұзылыстары бар 80 баланы қосымша қамту жоспарланып отыр. Бейімдік дене шынықтыру бойынша кәсіптік даярлау курстарынан өтетін және топтармен жұмыс істей бастайтын он жаттықтырушы тартылатын болады. Сондай-ақ, облыстық мүгедектер спорты мектебіне қосымша 100-ден астам баланы қабылдайтын жаттықтырушы-оқытушылардың 12 ставкасы бөлінеді.