Қарағандылықтар Конституция күнін және Шахтер күнін тойлауда
Оған 20 мың адам - еңбек ұжымдарының, жоғары оқу орындарының және жұртшылық өкілдері қатысты. Ұлттық-мәдени орталықтары колонналармен жүріп өтті. Мерекелік іс-шараларға кеншілер айрықша шырай бере түсті.
Қала көшелерімен жалаулар мен ұрандар ұстап жүріп өткен колонналар қала әкімдігінің алдындағы алаңға келді. Мұнда Бұхар жырау ескерткішінің алдында мерекелік митинг болды. Астанадағы әскери шеруден таратылған хабарды көрсететін үлкен экран да осында орнатылған. Жиналғандар тікелей эфирден ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын естіді және көрді.
Қарағандылықтарды қала әкімі Ислам Тоғайбаев құттықтады. «Еліміздегі барлық жетістіктердің, оның ішінде қоғамдағы тұрақтылықтың, экономика мен әлеуметтік саладағы қарқынды дамудың Президентіміз кепілі болып табылатын Негізгі заңсыз мүмкін еместігіне біздер тағы да көз жеткізе түстік, - деді ол. - Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылған конституциялық қайта құрулар мемлекеттік басқарудың қазақстандық үлгісін жетілдіру үшін негіз қалады. Бүгінгі күнгі біздердің міндетіміз - біздің Конституциямызбен жарияланған құндылықтарды сақтау, оның әлеуетін арттыру, құқық аясында өмір сүруге үйрену».
Митингте ардагерлер, Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының және жастар ұйымдарының өкілдері сөз сөйледі. Концерттік бағдарлама салтанатты жалғастыра түсті.