Қарағандылықтар қос мереке - Конституция күні және Кеншілер күнін тойлауда (ФОТО)

«Біздің мемлекетіміздің негізгі заңы 1995 жылы жалпыхалықтық референдум жолымен қабылданды, яғни оны халықтық заң деп атауға толықтай құқымыз бар. Ата Заң: "Біз, Қазақстан халқымыз" деген сөзден басталады", - деді салтанатты шара барысында жұртшылықты құттықтаған Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков.
Өңір басшысы бір топ қарағандылыққа Қонституцияның 20 жылдығы мерейтойлық медалін тапсырды.
Салтанатты «Әнім саған, Қарағанды» ән конкурсы жалғастырды. Биылғы жылы ол Қазақстан халқы Ассамбеясының 20 жылдығы аясында өтуде. Конкурсқа қаланың барлық ұлттық-мәдени орталықтарының өкілдері қатысты.
Ал кешке осында қала тұрғындары мен қонақтары «Қарағандының жастық шағы» ретро-концертін тамашалайтын болады.
Жағалаудағы саябақта жастардың «Юрта life» жобасы жұмыс істеуде. Еріктілер мұнда Қазақстанның тарихымен, қазақ халқының салт-дәстүрлерімен танысуға көмектеседі. Салтанатты шараның соңы мерекелік отшашуға жалғасады.